Түркияның Жоғары білім кеңесі (YÖK) мен Сирияның Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат Дамаскіде Сирия–Түркия бірлескен университетін құруды көздейді.
Меморандум жоғары білім, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуды да қамтиды.
Тараптар академиялық алмасуды дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосуға және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Сондай-ақ сириялық жоғары оқу орындарының цифрлық инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетіліп, дипломдарды өзара тану тетіктері пысықталады.
Бұдан бөлек, келісімге сәйкес Түркия мен Сирия университеттерінің жыл сайынғы форумын өткізу жоспарланып отыр.
Екі елдің жоғары оқу орындары арасында серіктестік байланыстарды кеңейтуге де басымдық беріледі.
Жаңа университетті ашу үшін Түркия мен Сирияда қажетті құқықтық база әзірленіп, барлық заңдық рәсімдер аяқталуы тиіс.
Бұған дейін Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын.