Түркия мен Сирия сауда көлемін 3,75 млрд долларға дейін арттырды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия мен Сирия арасындағы сауда көлемі 2025 жылы 42%-ға өсіп, 3,75 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Фото: Anadolu

Түркияның сауда министрі Омер Болаттың Түркия мен Сирияның шенеуніктері, депутаттары және бизнес өкілдері қатысқан Алепподағы іскерлік кездесуде мәлімдеуінше, соңғы айда екі елдің үш министрлік кездесу өткізгенін, нәтижесінде екіжақты экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілген.

Министр атап өткендей, Анкара Сирияны қалпына келтіруге және оның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндігінше толық қатысуға тырысып отыр. Оның айтуынша, 2024 жылдың 8 желтоқсанында бұрынғы режим құлағаннан бері Сирия тәуелсіз мемлекет құруды табандылықпен жалғастырып келеді. 

- Сирия билігі санкциялар мен Израильдің үздіксіз әскери қысымына қарамастан мемлекеттік құрылымдар мен экономиканы әртүрлі салаларда қалпына келтіріп отыр, - деп атап өтті Омер Болат.

Осыған дейін Түркия және тағы 11 ел Израильдің Сириядағы әскери базаға жасаған соққысын айыптағанын жаздық.