Түркия мен Сирияның шекарасында екі жарылыс болды, 10 адам ажал құшты

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Сирияда Түркияға жақын шекарада екі жарылыс болып, салдарынан 10 адам құрбан болды, деп хабарлады РБК Түркия БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Түркияның Джильвегезю бақылау-өткізу пунктінен 4,5 шақырымдағы Хатай провинциясында екі автокөлік жарылды. Сирия тарапының хабарлауынша, жарылыстың салдарынан 10 адам қаза болып, тағы ондаған адам жарақаттанды.