Түркия: наразылық білдірушілер билікке өз талаптарын ұсынды

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Түркияда үкіметке қарсы наразылық білдірушілер вице-премьер Бүлент Арынчке өздерінің талаптарын ұсынды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Премьердің орынбасарымен кездесуге Ыстамбұл орталығындағы Гези саябағын қайта жоспарлауға қарсы шыққан экологтар мен белсенділердің тобы шақырылды.

Вице-премьермен кездесу барысында наразылық акциясының қатысушылары саябақ бұрынғы қалпын сақтап қалуы тиіс екендігін талап етті. Сонымен қатар олар қамауға алынған ереуілшілерді босатуды және демонстранттарға қатысты күш көрсеткен полицияны жазалау керектігін алға тартып отыр.