Түркия Олимпиада ойындарын өткізетін алғашқы мұсылман елі болуға ниетті

None
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Түркия президенті Абдулла Гүл 2020 жылы жазғы олимпиадалық ойындарды өткізуге Түркияның қауқары жететінін мәлімдеді.

Бұл жайында muslim.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, таңдау Түркияға түсетін болса, бұл ислам елінде алғаш рет өтетін бүкіл әлемдік дода болайын деп тұр.

Ел президентінің сөзіне қарағанда, Олимпиада өткізуге Түркия астанасы лайық. Өйткені, Анкара - сауда, қаржы және мәдениет орталығы.
2020 жылғы олимпиадалық ойынды өткізуге тек Анкара қаласы ғана емес, сонымен бірге, Испания астанасы - Мадрид, Италия астанасы - Рим және күншығыс елі - Токио қалалары да таласып отыр. Түріктердің астанасы осымен бесінші рет бағын сынауда. Осы уақытқа дейін Түркияның еш жолы болмай келген еді.