Түркия парламенті Израилмен қатынасты қалыпқа келтіру туралы шартты мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия парламенті сенбіде Тель-Авив пен Анкара қатынастарын қалыпқа келтіру туралы шартты ратификациялады, деп хабарлады Associated Press.

Шартқа сәйкес Израиль елдер арасындағы қатынастардың ушығуына алып келген 2010 жылғы «Бостандық флотилиясымен» болған оқиғаға  байланысты25 күн ішінде 20 миллион доллар төлеуі тиіс.

Израиль мен Түркия қатынастарды қалыпқа келтіру туралы шартқа 28 маусымда қол қойды. Құжат күшіне енуі үшін оны екі елдің парламенттері мақұлдауы қажет. Келісімді ратификациялағаннан кейін елшілер алмасатын болады.

2010 жылы израильдік «Коммандос» Газа секторы қоршауын бұзуға шыққан кемені басып алды. Оқиға жүзуге қатысқан тоғыз түріктің өліміне соқтырды.