Түркия Премьері тақтан тайған Мысыр президенті М.Мурсиге қолдау білдірді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайып Эрдоған тақтан тайған Мысыр президенті, «Мұсылман бауырлар» көшбасшысы Мұхаммед Мурсиге қолдау білдірді, деп хабарлады РБК.

Түркия елшісінің Мысырдан шығарылуына жауап ретінде Р.Эрдоған М.Мурсиді жақтайтындығын білдірді. Сонымен қатар ол журналистерге билікке әскери төңкеріс жолымен келген саясаткерке еш уақытта да құрмет көрсетпейтіндігін баса айтқан.

Осыдан бір күн бұрын Р.Эрдоған тамыз айында «Мұсылман бауырлар» қозғалысы жақтастарын қуып тарату барысында жүздеген адамның өліміне соқтыруын айыптап, М.Мурсиді түрмеден босатуға шақырған еді.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Мысыр Үкіметі Түркия елшісіне елден кетуді талап етіп, түрік Үкіметін «тұрақсыздықты таратуды» ұйымдастыруға қолдау білідіріп отыр, деп айыптаған еді.