Бұған Эрдоганның сыбайлас жемқорлыққа қатысты телефон әңгімесінің бүкіл интернетті шарлап, оның арты жанжалға ұласқаны себеп болуы мүмкін. Еске сала кетсек, әлдебіреулер премьер-министр мен оның ұлы қомақты қаржыны қымқырып қалу тәсілдерін талқылап жатқан жазбаны ғаламторға жариялап жіберген еді.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, үкімет басшысы сауда мәмілелері мен сот төрелігіне де араласқан сыңайлы. Негізі Түркия парламенті сот шешімінсіз-ақ кейбір сайттарға тыйым салу туралы заңды қабылдап, ақпанда қолданысқа енгізіп те қойған.