Түркия президенті Путинге көңіл айтты

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Түркия басшысы РФ президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Kazinform-нің меншікті тілшісі Түркия президентінің кеңсесіне сілтеме жасап.

Режеп Тайип Эрдоган Владимр Путинге Дағыстандағы террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты көңіл айтты.

Түркия президенті шабуыл барысында зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуін тіледі және терактіні сенімді түрде айыптады.

Ол Анкараның терроризмнің әлем бойынша кез келген түріне қарсы екенін атап өтті. Бұл ретте Түркия өңірдегі барлық жанжалдардың тоқтатылуына күш салады.

Айта кетейік, 24 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады.

Соның салдарынан полицияның 15 қызметкері мен 4 азамат қаза болды. Оның арасында шіркеуі қызметкері де бар.

Республикада 24, 25 және 26 маусым азат тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.