Түркия Президенті АҚШ-тан Фетхуллах Гюленді Анкараға беруін сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ-тың осы елдің Пенсильвания штатында тұрып жатқан Фетхуллах Гюленді Анкараға беруін қалайды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Режеп Тайип Ердоған бұл туралы Ыстамбұлда сөз сөйлеген кезінде айтқан.

Анкара болған бүлікке Гюлен мен оның жақтастары кінәлі деп санайды. «Мен АҚШ Президентіне (Барак Обамаға) айтамын: Мен Сіз оны (Гюленді) депортацияласын, не бізге берсін деп айтқан болатынмын. Алайда мені ешкім тыңдамады. Енді, болған оқиғадан соң, мен қайталап айтам: Оны Түркияға беріңіздер», - деді Түркия Президенті.

Анкара Гюлен мен оның «Футхуллахшылар лаңкестік ұйымы» күні кеше болған әскери төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп санайды.