Түркия Президенті биыл қажылық парызын өтемек

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАҚпарат - Түркия Президенті Абдулла Гүл осы жылы миллиондаған мұсылман жамағатының қатарына қосылып қажылық жасамақ. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, Түркия Басшысы Сауд Арабиясына келесі аптада келеді деп күтілуде. Бұл президент Абдулла Гүлдің бірінші қажылығы емес, Джидда қаласында Ислам даму банкінде экономист болып қызмет атқарып жүрген кезінде де бірнеше рет қажылық жасаған болатын.

Сонымен қатар, Asharq Al-Awsat ақпарат орталығының мәлімдеуінше, Иран президенті Хассан Раухани да қажылық парызын өтемекші.

Осы ретте, көптеген елбасылардың жыл сайын Сауд Арабиясы Королінің қонағы ретінде қажылық жасайтынын айта кету керек.