Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Режеп Ердоғанның Өзбекстанға сапары 29 сәуірден 1 мамырға дейін жалғасады.
Түркия президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында қос мемлекет арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады. Халықаралық және діни күн тәртібінде, атап айтқанда жаһандық және аймақтық сын-қатерлерге ерекше назар аударылады.
Сонымен бірге, Түркия президенті Өзбекстанның Олий Мәжілісі палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлейді.
Екі ел басшылары Өзбекстан мен Түркияның жетекші банктерінің, компаниялары мен фирмаларының басшылармен бірлескен бизнес-форумға қатысады. Одан бөлек, сапар бағдарламасында Түркия делегациясын Бұхара қаласына апару жоспарланған.
Өзбек-түрік саммитінің қорытындысы бойынша, мемлекет басшыларының екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен одан әрі дамуына баға беретін бірлескен Мәлімдемесі қабылданады.
Сондай-ақ, сапар аясында түрлі салалар бойынша мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар пакетіне және инвестициялық келісімдерге қол қою жоспарланған.
Фото: www.tarimkon.org