Түркия: Прокурорды тұтқынға алған лаңкестердің көзі жойылды
01:21, 01 Сәуір 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбулда қаруланған екі экстремист прокурор Мехмет Селим Киразды кепілдікке алған болатын. Оны жедел құтқару операциясы ұйымдастырылып, екі лаңкестік көзі жойылды, деп хабарлайды Би-би-си.
Қазіргі сәтте Селим Кираз ауруханада. Кейбір деректер бойынша, прокурордың басына 3 жерден оқ, тағы басқа жерлеріне екі оқ тиген. Ол 2013 жылы болған шеру кезінде қаза тапқан жасөспірімнің өліміне қатысты істі тергеген көрінеді.