Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Түркия министрінің Елбасымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесулері жоспарлануда.
Осы жылдың маусым айынан бастап АӨІСШК-ке төрағалық етіп отырған ресми Анкара, аталған сапар барысында аймақтағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Қырғыстанда болып жатқан оқиғаларды талқылауға ниетті.