Түркия шекарасында ресейлік ұшақ атып түсірілді
16:00, 24 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Сириямен шекарасында құлаған ұшақ ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы болып шықты, деп Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ведомствода құлаған ұшақтың пилоты катапульталанып үлгергенін атап өтті. Олардың тағдыры әзірге нақтыланбады, деп мәлімдеді РБК.
Қорғаныс министрлігі сондай-ақ ұшақ жерден оқ атылғаннан кейін құлаған деген болжамын айтты.