Түркия - шие мен қызыл шиенің жылына 400 мыңнан астам тоннасын өн­діретін жалғыз ел

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы екі жыл көлемінде әлем бойынша шиені өндіру мен тұтынудың көлемі 1,9 млн тонна деңгейінде сақталып отыр.

Бұл - оның алдындағы жыл­дармен салыстырғанда 7%-ға аз көрсеткіш. Шие мен қы­зыл шие өндірісі жеміс нары­ғындағы көшбасшы елдердегі климаттық, ауылшаруашылық және басқа да факторларға тә­уелді. Әлем бойынша шие өн­дірісінен көш бастайтын елдер­дің ондығына Түркия, АҚШ, Иран, Италия, Испания, Сирия, Ре­сей, Румыния, Өзбекстан жә­не Чили кіреді. Франция, Украи­на, Польша елдерінде де шие өн­дірісі қарқынды. Түркия - шие мен қызыл шиенің жылына 400 мыңнан астам тоннасын өн­діретін жалғыз ел, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.