Бұл мәселеде Түркия Францияның Бумеддьенді ел шекарасынан өткізбеу туралы ресми түрде сұрау жібермегенін алға тартты. Ақпарат көзінің хабарлауынша, Франция билігі 26 жастағы Хаят Бумеддьеннің қаруланғанын және қауіпті екенін ескерткен. Түрік билігінің мәлімдеуінше, ол елге Испаниядан Париждегі оқиғаға дейін 2 қаңтарда келген. Сирияға Түркиядан 8 қаңтар күні кетіп қалған. Еске сала кетелік, 7 қаңтар күні Парижде Charlie Hebdo сатиралық журналына лаңкестік әрекет жасалып, 12 адам мерт болды. 8 қаңтар күні Бумеддьеннің жақтасы Амеди Кулибали әйел полицейді өлтірді. Келесі күні бірнеше сағат бойы дүкенде адамдарды кепілге ұстады. Лаңкестік шабуылдардан барлығы 17 адам қаза тапты.
06:12, 13 Қаңтар 2015
Түркия СІМ Хаят Бумеддьеннің Сирияға Түркия арқылы кеткенін растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі лаңкестік оқиғаларға қатысушылардың бірі Амеди Кулибалидің жақтасы Хаят Бумеддьеннің Түркия шекарасы арқылы Сирияға өтіп кеткенін ел билігі растады, деп хабарлады ВВС.