«Біздің еліміз мұндай іс-қимылға кез келген уақытта дайын. Сирияның оған қаншалықты дайын екендігін білмеймін», - деді Түркия премьері Санкт-Петербордағы G20 саммитіне Анкарадан аттанар алдындағы баспасөз мәслихатында.
Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, таяуда Сирия СІМ басшысының орынбасары Фейсал Микдад АҚШ тарабы шабуыл жасаған жағдайда Дамаскінің Израильге ғана емес, сонымен бірге Түркия мен Иорданияға да соққы беретіндігін мәлімдеген.