Түркия Сирияның түркиялық барлау ұшағын қағып түсіруіне байланысты шұғыл түрде НАТО Кеңесін шақыруды талап етуде

БРЮССЕЛЬ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Түркия Сирияның түркиялық барлау ұшағын қағып түсіруіне байланысты оқиғаны талқылау үшін шұғыл түрде НАТО Кеңесін шақыруды талап етуде, деп хабарлады НАТО-ның баспасөз қызметінен.

«НАТО бойынша барлық 28 одақтастың елшілері кіретін солтүстікатлантикалық кеңес кездесуді сейсенбі, 26 маусым күні Түркияның өтініші бойынша келісімнің 4 бабына сәйкес өткізеді», - деп атап өтіледі Альянстың таратқан хабарламасында.

Айта кету керек, келісімнің 4 бабына сәйкес. «кез келген одақтас ел өзінің аумақтық бүтіндігіне, саяси тәуелсіздігіне немесе қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде кеңес сұрай алады».

Түркия НАТО-ның бұрыннан келе жатқан мүшесі болып табылады және аталмыш әскери-саяси блокта әскер саны бойынша екінші орында тұр.