Түркия танкілері Сирияға кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік танкілері шекараны кесіп өтіп, Сирияға кірді, деп хабарлады Reuters дереккөздерге сілтеме жасап. Сириялық Джараблус маңындағы операция «ИМ» террорлық ұйымы және сириялық күрдтерге қарсы бағытталған, деп мәлімдеді Түркия президенті Реджеп Ердоған. Бұл туралы РБК хабарлады.

Түрік танкілері «Евфрат қорғаны» операциясы аясында сириялық Джараблус қаласына кірді. Reuters тілшісі шекарада алты танкі көрген. Түрік ұшақтары мен артиллерия бір уақытта соққылар жасады.

Түркия президенті Реджеп Ердоған 24 тамызда соғыс операциясының басталғаны жайлы ресми мәлімдеді. Оның айтуынша, ол «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына және күрдтердің жеке қорғаныс күштеріне қарсы. Президент Ердоғанның айтуынша, Түркия шекаралық аумақтағы шабуылдарға осымен нүкте қоймақ.

Түрік қарулы күштері 24 тамыз, таңертең Сирия шекарасы маңында соғыс операциясын бастады. Танкілер мен авиация «ИМ» нысандарына бойынша соққы жасады. Түрік әскері танкімен жалпы 70 соққы жасап, авиация 12 нысананы зақымдады.