— Төңірегіміздегі дағдарыстар ынтымақ пен іс-қимылды үйлестірудің маңызын көрсетіп отыр. Елдер арасындағы консультациялар мен ынтымақтастық тетіктерін нығайту қажет. Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар Орта дәлізді қоса алғанда, көлік және логистикалық жобаларды дамыту маңызды, — деді Түркия Президенті.
Сонымен қатар ол Палестинадағы, Ирандағы, Украинадағы және басқа да өңірлердегі жағдайлар неғұрлым тығыз үйлестіруді және бірлескен күш-жігерді талап ететініне назар аудартты.
— Түркия ұйымымызға мүше мемлекеттермен қорғаныс өнеркәсібі және технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Біз осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береміз, — деді Реджеп Тайип Ердоған.
Айта кетейік, саммитте Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси жоба немесе әскери ұйым еместігін, ол бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын маңызды алаң екенін атап өтті.