Тұңғыш рет шетел рейстерін жасайтын Түркия ұшақтарында жолаушылар үшін тек көркем фильм, музыка, ойындар ғана емес, сонымен қатар Құран тыңдау қызметі ұсынылды.
Сондай-ақ Құран Кәрімнің түрік тіліндегі мағынасы да беріліп, ал болашақта бұл қызмет 4 тілге аударылуы жоспарланып отыр.
Түркия мемлекетінің Дін істері басқармасы мен Түрік Әуе жолдары басшылығының бірігіп ұйымдастыруымен жасалған «Дауысты Құран Кәрім» қызметі, халық арасында оң баға алып, жақын уақытта бұл қызметтің видео үлгісінің де іске қосылуы күтілуде.