Түркия жағалауында Грекиядан күштеп шығарылған 48 мигрант құтқарылды

ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркия жағалауында Грекияның теңіз аймағынан күштеп шығарылған 48 мигрант құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның Жағалаудағы күзет қызметінің күштері Измирдің батыс провинциясындағы Чешме курорттық ауданында 19 мигрантты жағаға шығарған.

Тағы 29 мигрант Измирдегі Дикили ауданындағы жағалауда құтқарылды.

Түркияның Жағалаудағы күзет қызметінің күштері барлығы 48 мигрантты құтқарып, жағаға шығарды. Шетелдік азаматтар Измир провинциясы бойынша Мигранттар істері жөніндегі басқармаға жеткізілді.