Ағымдағы жылғы тамыз айының басындағы жағдай бойынша, түрік түрмелерінде жазаларын 76 тілші өтеп жатты. Олардың жартысынан көбі темір тордың ар жағына кәсіби қызметі үшін түсті. Сотталған репортерлардың 70 пайызы - күрдтер.
Мұндай мәліметтерді құқық қорғаушылар келтірді. Олардың сөзіне қарағанда, өткен жылдың соңында жергілікті құқық қорғау органдары журналистерге қарсы бес мыңға жуық қылмыстық істі тергеу үстінде болды.
04:05, 23 Қазан 2012
Түркия журналистерді қудалау бойынша әлемдік лидер танылды
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Журналистерді қорғау халықаралық комитеті Түркияны БАҚ қызметкерлерін қылмыстық қудалау бойынша әлемдік лидер деп атады.