Pegasus авиакомпаниясының ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Оқиғадан жапа шеккендер жоқ, барлық жолаушы қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланады. Сондай-ақ, құтқарушылар өрт бола қалса, оның көзін жою амалдарын алдын ала жасаған. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр.
Болған жағдайға байланысты Трабзона әуежайы уақытша жабылды. Қазіргі уақытта ол өз жұмысын штаттық жағдайда жүргізіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын бір рейс Ыстанбұлға ұшып кетті.