— Қазақстан Республикасының Антальядағы Бас консулдығы құжаттарды дайындау, түрік органдарымен бірлесіп қыздың денесін елге қайтаруды ұйымдастыру тәрізді барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетті, — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Марқұмның денесі Қазақстанға 17 маусымда жеткізілген. Репатриация жұмыс берушінің және серіктес ұйымдардың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.
— Бұл мәселе Бас консулдықтың бақылауында. ҚР дипломаттары бұл мәселе бойынша құзыретті органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып жатыр, — делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда туристік автобус апатқа ұшырап, сегіз адам қаза тапқанын жазғанбыз.