Еске алу шаралары Ялова, Қожаелі, Сакарья провинцияларында өтті.
Қожаелінің Гельджук ауданында түнгі 03:02-де бір минуттық үнсіздік орнады. Каваклы ауданында зілзала құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Осыдан жиырма жыл бұрын, 1999 жылдың 17 тамызына қараған түнде жергілікті уақыт бойынша сағат 03:02-де Мәрмәр теңізінің жағалауында 7,7 балдық қуатты жер сілкінісі болды.
Зілзала Измит қаласын жермен-жексен етті, Ыстанбұл жарықсыз қалды, ал жергілікті мұнай өңдеу зауыты отқа оранды.
Апат салдарынан 10 мыңнан астам адам қаза тапты, 25 мың адам зардап шегіп, 600 мыңдай адам баспанасынан айырылды.