Түркияда 3 күн аза тұту күні болып жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда сәрсенбі күні көмір шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты 3 күндік ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Премьер-министр Тайып ердоған осы аптадағы елдегі және шетелге жоспарлаған жұмыс сапарларын өзгертті. Президент Абдуллах Гюль Қытайға, ал парламент спикері АҚШ-қа жұмыс сапарымен бармайтын болды.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Түркияның батысындағы шахтада болған жарылыстан 200-ден астам кенші қаза тапқан болатын .