"Бұл Түркияға, Түркияның демократиясына жасалған шабуыл. Қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік қаралы күн жариялаймыз", - деді ол ел астанасында өткен баспасөз мәслихатында.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша лаңкестіктен 86 адам қаза тапқан , 200-ден астам адам жараланған. Түркиядағы террористік топтардың ешқайсысы теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Еске салайық, бүгін Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. ҚР СІМ Түркияның Анкара қаласында орын алған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда.