Онда «люкс» санатындағы пәтерлер мен кеңселер орналасқан, деп хабарлайды Утро. ру жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Құтқарушылар тұрғындардың басым бөлігін қауіпсіз жерге көшіргенімен ғимараттың ішінде әлі де адамдар бар. Өрт құшағына оранған зеңгір үйдің маңайында қозғалысқа шектеу қойылды. Оқиға орнына өрт сөндіру көліктері ағылуда, тікұшақтар да іске қосылған.
Қаза тапқандар, сонымен қатар өрттің шығу себебі туралы ақпарат жоқ. Дереккөздердің айтуынша, өрт ғимараттың төменгі қабатында орналасқан банк филиалдарының бірінен шығып, қысқа уақыт аралығында жоғары қабаттарға тараған.