Ғалымдардың айтуынша, ойыншық қала билеушісіне немесе белді шенеуніктердің бірінің ұлына тиесілі болған. Археологтар саздан жасалған ойыншықты қола дәуіріне жатқызып отыр, ал жасы бес мың жыл шамасында. Арба аса мейірімділікпен жасалғанын аңғаруға болады. Мәселен, оның арқа тұсында оюлар ойылған, ал доңғалақтары білікпен біріктірілген.
Тарихшылар мұндай ойыншық көлік құралының табылуы ежелгі заманды зерттеуде орасан зор мәнге ие екенін айтады. Бұл ойыншық 5 мың жыл бұрын да балалар қазіргі балдырғандардың ермегіне өте ұқсас ойыншықтармен ойнағанын дәлелдейді. Ғалымдар оның төңірегіндегі зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Археологиялық экспедиция мүшелерінің айтуынша, жуық арада ойыншық музейге тапсырылады, ал кешендегі қазба жұмыстар жалғасуда.