Түркияда 800-ден астам полицей қызметтерін ауыстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда қауіпсіздік басқармасының құрылымында болған өзгерістер нәтижесінде 800-ден астам полицей басқа жұмыстарға ауыстырылды.

Бұл өзгерістер бейсенбі күні елдің төрт қаласында болды. Анкараның Қауіпсіздік басқармасында 500 полицей, Измирде 274, Газиантеп пен Ыстамбұлда тағы 55 тәртіп сақшысы, сонымен бірге бөлім басшылары мен олардың орынбасарлары ауыстырылды.

Соңғы өзгерістерді қоса есептегенде Түркияда қызмет орындары мен лауазымдарын ауыстырғандар саны алты мыңға жақындап қалды.