Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатынан 7 қазақстандық зардап шекті. Олар Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Ал А.Сарабаеваның қай жерде екендігі анықталуда.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарына қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған.