Түркияда апатқа ұшырағандардың төртеуі бүгін елге жетеді - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда көлік апатына ұшыраған 7 қазақстандықтың төртеуі бүгін елге жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Түркияда көлік апатына ұшыраған 4 қазақстандық Анталияда Қазақстанға ұшып келеді», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов телефон арқылы. Әнуар Жайнақовтың сөзіне қарағанда, елге жеткізілетін 4 адамның 3-і өздігімен қозғала алмады.

Олардың Қазақстанға келу уақыты қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, Кеше Түркияда жантүршігерлік көлік апатына ұшыраған 7 қазақстандықтың үшеуі елге аман-есен жеткендігін хабарлаған болатынбыз. 

Жол көлік оқиғасы 21-қыркүйекте Түркияның  Кемер қаласы маңында болған жол апаты салдарынан 7 қазақстандық ауруханаға түскен еді. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек пен хирургиялық ота жастардың жанын сақтап қалды.