Түркияда әскери базаға найзағай түсті
02:55, 06 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Токат провинциясындағы әскери базаға найзағай түсіп, 5 сарбаз жараланды, деп хабарлайды 24.kz.
Жараланған әскерилер аураханаға жеткізілді. «Жаралылардың жағдайы жақсы әрі өмірлеріне еш қауіп жоқ», - дейді өңірлік полиция қызметінің басшысы.