Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстік-шығысындағы Гиресун провинциясында бортында 15 жолаушысы бар әскери тікұшақ апатқа ұшырады.

Тікұшақ бортында 15 адам болған. Жолаушылар арасында әскери қызметкерлер, оның ішінде полковник пен екі майор бар. Сондай-ақ әскерилердің отбасылары, оның ішінде 3 бала болған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер жіберілді. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 7 адам көз жұмған.