Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған 120-дан астам адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым әскери төңкеріс жасауға әрекет жасады деген күдікпен 120-дан астам адам ұсталғаны туралы хабарлады, деп жазады Франс Пресс.

Осыған дейін Түркия президенті бұл төңкерісті ұйымдастырмақ болған топтар қандай жоғары лауазымда отырса да заңның қатаң талаптары бойынша жауапқа тартылатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлады. Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.