Келеңсіз жағдай 28 қарашада елдің батысындағы Эскишехир қаласында болған. Шукрю Дениз тап жанына аспаннан баланың аяқ киімі түскен шақта үйлердің бірінің маңында көше сыпырып жатқан. Ол жоғары қараған кезде ашық терезенің жақтауында ойнап отырған қызды көрген. Баланың құламауы мүмкін еместігін сезген аула сыпырушы төтенше жағдайға орай шалт шешім қабылдады.
«Ол терезе жақтауында тұра алмай, құлап кетті. Мен оны ауада ұстап қалуға тырыстым. Қыз құлаған соң қатты жылады. Бірақ есінен танған жоқ. Мен еш жерім жарақаттанбағанымен қатты шошынып, бірнеше минут бойы аяғыма тұра алмадым, деп мойындады Дениз.
Зардап шеккен бүлдіршін ауруханаға жіберілді. Арада бір тәулік өткен соң оның туыстары жағдайы жақсарғанын хабарлаған. Бүгін, 30 қарашада сәби үйіне оралады.
Түрік аула сыпырушысының бұл қадамы елдің әлеуметтік желісінде қызу талқылануда. Дениз өз отанында батырға айналды.