Газиантеп университеті ауруханасының коронавируспен ауыратын науқастарға арналған реанимация бөлімінде өрт шыққан. COVID-14-тен емделіп жатқан аурухананың тағы 19 пациенті басқа медицина мекемелеріне ауыстырылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, полиция келеңсіз жайға қатысты тергеу жүргізуде.
15:30, 19 Желтоқсан 2020
Түркияда ауруханада шыққан өрт 8 адамның өмірін қиды
ГАЗИАНТЕП. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияда сегіз адам ауруханада оттегі аппаратының бұзылуынан шыққан өрттің құрбаны болды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.