Түркияда автобус апатынан 40 адам зардап шекті
14:24, 14 Наурыз 2020
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның Ақсарай-Адана тасжолында автобус апаты салдарынан 40 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Haber Turk телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келді. Әзірге апаттың себеп-салдары туралы мәліметтер жоқ.