Түркияда автобус апатынан 7 адам көз жұмып, 24-тен астамы жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Афьон-Карахисар провинциясында студенттер мінген автобус аударылды. Жеті адам қаза болып, 24 адам жарақаттанды, деп хабарлады TRT Haber телеарнасы.

Телеарнаның мәліметтері бойынша, автобус жүргізушісі оны басқара алмай қалған. Салдарынан автобус жардан құлап кеткен.

Қазір құтқару жұмыстары жүргізілуде.