Түркияда автобус аударылып, бес адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстігіндегі Амасья провинциясында 5 адам жол апатының құрбанына айналды. 36 адам жарақаттанды.

Ыстанбұлдан Самсунге бет алған рейстік автобус Мерифан қаласы маңында жолдан шығып кетіп, артынша көлік аударылды.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.  

Оқиға орнында құтқару қызметтері мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Апат себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.