Түркияда автобус жартасқа соғылып, екі адам ажал құшты, 10-ы жарақаттанды
21:16, 29 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жолаушылар автобусы жартасқа соғылып, екі адам ажал құшты, 10-ы жарақаттанды. Жүргізуші асуда рульге ие бола алмай қалған.
Салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жартасқа соғылған
Жолаушылардың Анталиядан Бурса қаласына бара жатқаны атап өтіледі. Жүргізушіні оқыс оқиға жайлы түсінік алу үшін полицияға алып кетті, деп хабарлайды Вести.ру.