Газетте жарияланған қаулыға сәйкес әйел-полицейлер әскери бас киімнің астынан орамал тарту құқығына ие болды, ол да әскери киім түсімен бірдей әрі сурет болмауы тиіс.
Бұл жаңалықты Түркияның негізгі оппозициялық Халықтық-республикалық партиясы басшысының орынбасары Вели Акбаба сынға алды, ол оны полицейлердің «әділетті болуына кері әсер етеді», деп атады.
«Полицейдің өзінің діни ерекшеліктерін көрсетуі қоғамда алауыздықты күшейдтеді», деген оның сөзін келтірген Cumhuriyet газеті.
2013 жылы сол кезде елдің премьер-министрі қызметіндегі Тайып Ердаоғанның үкіметі 1923 жылы Түрік Республикасының негізі қаланғаннан кейін елде күшінде болған мемлекеттік қызметшілерге хиджап киюге тыйымды алып тастаған болатын.