Түркияда «бәрі ішінде» форматын қайта қарау ұсынылды

Фото: pixabay.com

Түркия туризм индустриясы өкілдері қонақүйлердегі туристер қандай тағам мен сусынға төлейтінін өзі таңдайтын «бәрі ішінде» (all inclusive)  форматын қайта қарауды ұсынды. Бірақ қалыптасып қалған және шетелдіктер арасында танымал жүйе сақталады, деп атап өтті Жерорта теңізі қонақүй және операторлар қауымдастығы басшысы Каан Кавалоглу. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Turizm Gazetesi газетінде жарияланған кәсіпкер пікірінше, Түркияда экономикалық жағдай қиындағандықтан шығын артқан, бұл жағдай туристерге арналған жаңа қызмет түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

«Ұсынылып отырған «Қанша пайдалансаң – сонша төле» атауына ие болған үлгі бәрінен бұрын all inclusive-тің алкогольсіз нұсқасына ұқсайды. Ол осы жүйенің бір бөлігі болады», - деді Кавалоглу.

Түркияда алкогольсіз all inclusive жүйесі бар қонақүйлер жеткілікті. Бірақ мұндай туристік өнім көпшілік арасында танымал емес және қалыптасқан жүйеге балама бола алмайды, - деп хабарлады Түркия Туристік агенттіктер қауымдастығы.

«Бұл мәселе таңдауға келіп тіреледі, біреулер демалыстың халал түрін, енді бірі дәстүрлі үлгісін қалайды. Тур сатып алып жатқан адамда таңдау құқығы бар», - деді агенттікке пікір білдіруші.

Туроператорлардың дерегінше, алкогольсіз all inclusive әдеттегі турлардан 7-10% арзан болады. «Қанша пайдалансаң – сонша төлейсің» форматы дәстүрлі пакеттерден қаншалықты тиімді болатыны айтылмаған.