Түркияда болған жарылыстан бейбіт тұрғындар да зардап шегуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат- Түркияның Кайсери қаласында болған жарылыстан 13 адам мерт болып, 48 адам дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Риа Новости Түркияның Бас штабының мәліметтеріне сілтеме жасап.

«Теракт жергілікті уақыт бойынша, сағат 08-45 минуттар шамасында болған. Жарылыс болған кезде көлік ішінде қызметтен босатылған солдаттар мен ефрейторлар болған. Олардың 13-і мерт болып, 48-і дене жарақаттарын алды. Жарақат алғандар бірден ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында азаматтық тұлғалар да болуы мүмкін»,-делінген құжатта.

Әзірге бұл жарылысты ешкім мойнына алған жоқ.