Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан өкілдері еліміздің Түркиядағы Елшілігімен хабарласқан. «Елшілік мәліметтеріне қарағанда, әзірге Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бірақ, зілзала болған аймақты тазарту, тексеру жұмыстары жалғасуда. Сондықтан Сыртқы істер министрлігі Елшілікпен ұдайы байланыста»,-деді ресми өкіл.