Түркиялық Askam газетіне сілтеме жасаған «Гундакордың» хабарлауынша, жүктің иесі Түркіменстанда құрылыс жобаларымен бұрыннан айналысатын түріктің Polimeks құрылыс компаниясы болып табылады. Құжаттар бойынша ұшақтың жүгі сантехника болды. Түрік БАҚ-тары кеденшілер анықтаған тіркелмеген алтынның жалпы салмағы 1,3 тоннаны құрағанын нақтылады.
Компания бұл оқиғадан кейін жүктің заңды түрде тасымалданғаны жайлы баспасөз хабарламасын таратты. Ол сондай-ақ ұшақтағы алтынның салмағы БАҚ-та жарияланған мәліметтерден аз болғанын айтады (Polimeks-тің нұсқасы бойынша - тек 190 келі). Компанияның сендіруінше, ол алтынды құрылыс материалдарын «халықаралық эмбарго салдарынан банк аударылымын жасау мүмкін емес елдерде қолданып» сатып алмақшы болды.