Жыл қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласына жұмсалған мемлекеттік шығын 65,4 процентке – 463 млрд 516 млн лира, ал жеке сектор шығыны – 94,4 пайызға, 143 млрд 319 млн лираға көбейді.
Денсаулық сақтау саласының жалпы шығынындағы мемлекеттік сектор үлесі – 76,4 пайыз, жеке сектордыкі – 23,6 процент.
Денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның ЖІӨ-ге қатынасы 2021 жылы 4,9 пайыз, ал 2022 жылы 4 процент болды.
Сонымен қатар 2022 жылы денсаулық сақтау саласында жан басына шаққандағы шығын 69,8 пайызға – 7141 лираға дейін өскен. 2021 жылы бұл көрсеткіш 4 206 лира болатын.