Түркияда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен 160-тан астам адам ұсталды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Түркияда «Хизб ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 165 адам тұтқындалды.

Бұл туралы   Ыстамбұлдың  Бас қауіпсіздік     басқармасы  кеше мәлімдеме   жасады,  деп    хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Адамдар  жұма күні  21 провинцияда полиция   өкілдері мен  Ұлттық барлау    ұйымының    қызметкерлері   бірлесіп жүргізген   рейдтер  барысында   тұтқындалған.   Олардан қару-жарақтар,  сондай-ақ   Түркия  аумағында ислам  халифатын   құруды  үндеген    үгіт-насихат  әдебиеттер  табылған.

Идеялары    дәстүрлі  исламның     ережелеріне   қайшы  келетін  «Хизб  ут-Тахрир»  ұйымының   қызметіне көптеген елдердегі сияқты, Түркияда  да   тыйым салынған.